Қазақстанның 4 облысында дауылдық ескерту жарияланды

0
11

«Қазгидромет» РМК өкілдері Қазақстанның төрт облысында ауа райына байланысты дауылдық ескерту жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: R16.ru

8 тамыз күндіз Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл күтіледі. Батыс, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы найзағай кезінде, күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Дауылдық ескертудің ықтималдылығы 80-85%.

Сонымен қатар 8 тамызда күндізгі уақытта Ақмола облысының кей жерлерінде де найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ығысып, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал. Дауылдық ескертудің ықтималдылығы 85-90 %.

8 тамызда таңертен және күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, батыстан соққан желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз температура 37 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Дауылдық ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

Сондай-ақ, 8-9 тамызда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді.

Оралда 8-9 тамыз күндері батыстан соққан жел 18 м/с-ке дейін күшейеді деп күтілуде. Дауылдық ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ