Қазақстанның барлық өңірінде тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайған

0
2

 11 айдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда республиканың барлық өңірлерінде тұрғын үй құрылысы көлемінің ұлғайғаны байқалады, деп жазады primeminister.kz.

Фото: Move.Ru

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бұл көрсеткіш ең жоғары Астана қаласында — 2,3 млн м² (22 565 пәтер), Алматы қаласында — 1,7 млн м² (15 020 пәтер), Маңғыстау облысында — 978,8 мың м² (8 367 пәтер), Ақтөбе облысында — 707,1 мың м² (5 941 пәтер) және Алматы облысында 682,7 мың м² (4 824 пәтер) болды.

2017 жыл және 2018 жылғы 11 ай ішінде тұрғын үй құрылысына 2044,8 млрд теңге инвестиция салынды (2017 жылы — 1022,5 млрд теңге, 2018 жылдың 11 айында — 1022,3 млрд теңге).

Осы кезең ішінде мемлекеттің жұмсалған 1 теңге қаражатына 5,5 теңге жеке инвестциялар тартылды (315,4 млрд теңге/1729,4 млрд теңге).

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ