Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді

0
3

 Бүгін, 16 мамыр күні атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты, республиканың кей жерлеріне жауын жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Фото: ҚазАқпарат

Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, елдің солтүстігінде, солтүстік-батыста, және онтүстікте күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, найзағай ойнап, тұман түсуі, бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның оңтүстігінде шаңды дауыл, ал батысында дауыл көтеріледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде де шаңды дауыл көтеріліп, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, екпіні 23-28 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл тұрып,  бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы секундына     15-20 метрге жетеді.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстараның кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.       

   Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.




ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ