«Қазгидрометтің» 25 шілдеге арналған ауа райы болжамы

0
5

25 шілде күні антициклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын анықтайды. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

ҚазАқпарат

Атап айтқанда, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Күндіз Ақмола, Қарағанды облыстарында бұршақ болуы мүмкін. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылорда облысында оған күндіз шаңды дауыл араласады

. Сондай-ақ Ақтөбе, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Маңғыстау  облыстарының  кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Бұдан бөлек, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ