Қомақты пара алған Түркістанның экс-прокуроры ұзақ мерзімге сотталды

0
4

Түркістанда ірі лауазымды прокурор сотталды. 100 мың доллар пара алған Түркістан қаласының бұрынғы прокуроры Махат Зұлпыхаровты сот 10 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі фото. Қазақстан прокуратурасы

Зұлпыхаров жер кадастрында былықтарды анықтағанымен, мемлекеттік мекемеге қатысты іс қозғаудың орнына жер кадастрының басшысынан ауызбастырық алып, істі жеңілдетуді көздепті.

Өзінің шарапатын 100 мың долларға бағалаған лауазымды шенді ақыры ұсталып тынды. Алайда аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жыл алған Махат Зұлпыхаров өзіне тағылған айыппен де, үкіммен де келіскен жоқ.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ