Қордайда қарақшылар үй тонап, шабуыл жасауда: ер адам қайтыс болды

0
5

Желіде Жамбыл облысының Қордай ауылында белгісіз біреулер үйлерге шабуыл жасап, иелерін жарақаттағаны туралы мәлімет тарап жатыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Baq.kz

«Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылы, белгісіз біреулер ақша ұрлау мақсатында үйлерге шабуыл жасап жатыр. 70 жастағы ер адам соққы салдарынан қайтыс болды. Сонымен қатар егде жастағы әйелді де ұрып кеткен, тағы біреуін пышақпен жарақаттаған. Кеше сағат 23.00-де үйінде жалғыз болған қызға шабуылдады. Полиция еш шара қолданбады. Ауыл түгел қорқып отыр», — делінген Zakon.kz редакциясына келген хабарламада.

Осыған ұқсас хабарлама мен күдіктілердің фотосы Facebook желісінде де тарап жатыр.

«Ватсаптан келді. Кеше Қордайда осылар кәмелет жасқа толмаған қызы болған үйді тонаған. Оның қолын кесіп, мазақ қылған. Қыз ауруханада», — деп жариялады Facebook қолданушысы.

Жамбыл облысы ІІД қызметкерлері аталған деректерге қатысты пікір білдірмеді.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ