Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте жансақтау бөлімінде жатыр

0
5

Оқиға кеше кешке облыстық тубдиспансер маңында болған. Нәрестені тәртіп сақшыларының бірі байқап қалып, оны дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізген, деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Көрнекі фото: rambler.ru
«Нәресте әзірге дәрігерлердің бақылауында. Бірдеңе деу қиын, жансақтау бөлімінде жатыр», — дейді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева телефон арқылы.
Қостанайдағы «Олимп» сауықтыру кешенінің маңындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылған. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметі мен полицейлер жұмыс істеді. Сәби ауруханаға жеткізілді. Облыстық ІІД бұл ақпаратқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ