ҚР бас санитарлық дәрігері: Менингит жұқтырған 3 бала жансақтау бөлімінде жатыр

0
5

ҚР бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин менингит дертіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Көрнекі сурет

“Бүгінгі таңда менингитпен ауыру бәсеңдеді. 17-аптада инфекция жұқтырғандар саны өте көп болған еді, жалпы республика бойынша бір апта ішінде инфекция жұқтырған 13 адам тіркелді. Қазір менингит инфекциясы бәсеңдеп келеді, бір қуантарлығы Алмаыда төрт тәулік бойы менингококк инфекциясын жұқтырғандар тіркелген жоқ”, — деді Бекшин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

“Үш бала жансақтау бөлімінде жатыр, біреуі – Алматы облысында, екеуі – Астанада. Алматыда жансақтау бөлімінде жатқандар жоқ. Бүгінде Алматыда 360 адам ерікті түрде өзіне вакцина салдырды”, — деді ол.

Айта кетейік, қазақстандықтар үшін менингит жайлы ақпарат алуына арнайы Call орталықтар жұмыс істеп тұр. Облыстық Call орталықтарға екі күні ішінде 8 мыңға жуық адам хабарласқан.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ