ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз хатшысы тағайындалды

0
0

Нұрлыбек Жеңісбек Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің баспасөз хатшысы — баспасөз қызметінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото: ҚР ЭМ
Нұрлыбек Жеңісбек 1988 жылы туған. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетті (филология бакалавры) аяқтаған, халықаралық қатынастар магистрі (Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясы).
Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» телеарнасында тілші болып бастаған. Әр жылдары облыстық және республикалық телеарналарда редактор, тележүргізуші қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, 2013-2017 жылдары Шымкент қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі лауазымдарын атқарған. Сондай-ақ, ОҚО “Ақпараттық Талдау” орталығының директор орынбасары болып істеген.
2017 жылдан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы лауазымын атқарып келген.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ