ҚР ИДМ комитетінің бұрынғы басшысы сотталды

0
3

Пара алды деген айыпқа іліккен ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің бұрынғы төрағасы Базарбай Нұрабаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

«Нұрабаев Базарбай Қанайұлы ҚР ҚК-нің 361-бабы 3-бөлігі және 366-бабы 3-бөлігі 3,4-тармақтары бойынша кінәлі деп танылсын. 58-бапты ескере отырып, Нұрабаев Базарбай Қанайұлына мүлкінің тәркіленуімен, мемлекеттік қызметте және коммерциялық ұйымда өмір бойы қызмет ету құқығынан айыра отырып, 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деді судья Асхат Әшірбеков.

Сонымен бірге, «СК Петролиум» ЖШС-мен байланысты айыптауға қатысты ҚР ҚК-нің 366 бабы 3-бөлігі 3,4-тармақтары бойынша кінәсі дәлелденбегендіктен, кінәсіз деп танылды. «Ол «Сырдария Қызыл миа» ЖШС-мен байланысты айыптауға қатысты ҚР ҚК-нің 366 бабы 3-бөлігі 3,4-тармақтары бойынша айыбы дәлелденбегендіктен ақталды деп танылсын.

Нұрабаев бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіптілігі орташа мекемесінде өтесін», — деген шешім шығарды судья.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ