ҚР Президенті зардап тигізетін ақпараттан балаларды қорғайтын заңға қол қойды

0
0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғайтын ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктерді белгілеуге бағытталған «Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы заңнаманы «Балаларды денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Аталмыш заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ