ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды тұғырнамасын жария етті

0
4

ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ресми сайтында сайлауалды тұғырнамасын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Sputnik Казахстан

Тұғырнама «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталады.  

Аталмыш құжатта Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлауда жеңіске жетіп, Мемлекет басшысы болған жағдайда қандай саясат ұстанып, елде қандай реформалар жүргізетіндігі жөніндегі мәліметтер көрініс тапқан.

Бағдарламада елдің ішкі және сыртқы саясатына, сондай-ақ  экономика және әлеуметтік саласына қатысты мәселелер толық қамтылған. 

Тұғырнама Сабақтастық, Әділдік, Өрлеу атты үш бағыттан тұрады.

Айта кетейік, ҚР кезектен тыс Президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған.




ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ