Қырғызстанда тас көшкінінің астында қалған қазақстандықтар құтқарылуда

0
4

Қырғызстанда таудан құлаған тас көшкіннің астында қалған Қазақстан азаматтары құтқарылуда. Бұл туралы ҚазАқпаратқа ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде мәлім етті.

Фото: ҚазАқпарат

«Бүгін Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан Скрябин мұздығының аумағында бір топ туристер тас көшкінінің астында қалып қойды. Жапа шеккендердің арасында Қазақстанның төрт азаматы бар. Бастапқы болжам бойынша, бір адам қаза тапқан. Оқиғаның мән-жайын анықтау үстіндеміз», — деді ҚР СІМ өкілі.

Министрліктен мәлім етілгендей, қазақстандық консулдың көмегімен біздің елдің азаматтарын құтқаруға ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің құтқарушылары жұмылдырылған.

«Зардап шеккен туристерді эвакуациялау үшін Қазақстаннан тікұшақ жіберу мәселесін қарастырып жатырмыз. Саяхатшылардың арасында Ресей азаматтары да бар», — деді ҚР СІМ баспасөз қызметіндегілер.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ