Қыркүйектің 20-сы күнгі ауа райы болжамы

0
3

Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етіп, күн ашық болады. Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәлімттеріне сүйене отырып хабарлайды.

Фото: colibris62bethune.org

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, қыркүйектің 20-сы күні Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашын болмайды. Тек республиканың батыс және солтүстігінің кей жерлерінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылып тұрады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республиканың бірқатар өңірлерінде жел күшейіп, тұман түседі, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола, Ақтөбе, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді деп болжанып отыр.

Алматы облысында күндіз Жалаңашкөл аймағында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Қостанай облысының басым бөлігінде жел 15-23 м/с жылдамдықпен ұйтқып, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерде ол 23-28 м/с болады, кей жерлерге тұман, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысында желдің екпіні 15-20, кей жерлерінде 25 м/с жетеді. Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген ауданында өрт қауіпі сақталады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ