Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқынның қорғаушысы оның жағдайы туралы айтты

0
1
Қытайда сотталып кеткен қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов оның жағдайы туралы мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.
Фото: sputniknews.kz
Ол Instagram желісіндегі парақшасында әзірге ештеңе өзгермегенін, Ақжарқын өзін қанағаттанарлық деңгейде сезінетінін жазды.

Сондай-ақ, Сұңқар Нұрмағамбетов аппеляциялық коллегия қарап жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне әлі де нүкте қойылмағанын айтты: жаңа құрамдағы сот кеңес бөлмесіне шығып кеткен.

Айтуынша, сот шешімі қай уақытта белгілі болары әзірге белгісіз күйінде қалып тұр.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы Ақжарқын Тұрлыбай өмір бойына сотталып кеткен болатын. Бойжеткен есірткі тасымалы үшін айыпты деп танылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ