Қытайда 10 адамға үкім шыққаннан кейін бірден өлім жазасы орындалды

0
2

Қытайда Гуандун провинциясының Шаньвэй қалалық соты 10 адамды өлім жазасына кесті, үкім сол күні жүзеге асырылды, деп хабарлады РИА Новости.

Фото: ҚазАқпарат
Олардың барлығына есірткіні өндірді, сатты және тасымалдады деген айып тағылды.

«Сот шешімі жарияланғаннан кейін үкімді орындау үшін қарауыл жасағы сотталушыларды жазалау орнына жеткізді», — деп мәлімдеді сот.

Қытайда өлім жазасы Қылмыстық кодекстің ондаған бабы бойынша қарастырылған, олардың басым көпшілігі есірткінің заңсыз айналымымен байланысты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ