Қытайда аккумуляторы жақында ауыстырылған iPhone жарылды

0
2

Қытай тұрғыны өзінің iPhone телефонының жарылғанын видеоға түсіріп алды. Ол телефонның аккумуляторын жақында ауыстырған екен. Ролик Pear Video хостингінде жарияланды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: QWRT.ru

Кадрдан қыз көліктің рөлінде отырып, телефонын панельдің алдыңғы жағына қойғанын көруге болады. Тарс еткен дыбыстан кейін смартфоннан түтін шығады, кейін қыз шошып кетіп айғайлайды. Бірнеше секундтан кейін аппарат жанып кетті.

Видеоның астында iPhone аккумуляторы осы жылдың ақпанында техниканы жөндейтін фирмалардың бірінде ауыстырылғаны жазылған. Смартфонға сапасыз батарея қойылғаннан жарылғаны кейін белгілі болды.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ