Қытайда жерлеу рәсіміне тыйым салынып, табыттарды қиратып жатыр

0
0

Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Цзянси провинциясының билігі жер ресурстарын сақтау мақсатында «тек кремация» саясатын жүзеге асыру шаралар қабылдауға кірісті. Жергілікті тұрғындардан дайындалған табыттарды тәркілеп, қаза болғандардың дәстүрлі рәсімдеріне тыйым салынады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Baq.kz

Провинция билігі адам мәйітін жоюдың жалғыз тәсілі ретінде кремациялауды қолданбақ. Басылымның жазуынша, әлеуметтік желілерде таралған фотосуреттер мен видеокадрларға сәйкес, шенеуніктер Ганьчжоу, Цзянь, Ичунь қалалық округтарындағы жергілікті ауыл тұрғындарының табыттарын күштеп тартып алуда. Билік «жерлеу рәсімін өткізбеу» саясатын ұстанып, табыт жасау мен оны үйде ұстауға тыйым салды, ал провинция билігі жасалып қойған табыттардың өтемақысын төлеумен айналысты.

Есімдерін атамауды жөн санаған жергілікті тұрғынның хабарлауынша, табытты жасау үшін әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар жылдар бойы 5 мың юань жинайды, ал билік конпенсация ретінде 2 мың юань ғана беретінін айтты. Оның айтуынша, шенеуніктер табытқа ғана емес, басқа да дәстүрлі рәсімдерге, соның ішінде бейіт басына орнататын тас пен қағаздай ақша салуға да тыйым салған. Бұл Қытайда жерлеу рәсіміне қатысты қарама-қайшылық болып жатқан алғашқы жағдай емес.

Бұған дейін Шаньдун провинциясы дәстүрлі жерлеу рәсіміне тыйым салған. Жаңа саясатқа сәйкес, көз жұмған адам кремациялануы керек және марқұмның туыстары оның жасалғаны туралы сертификат көрсетуі тиіс. Алайда, Қытайдың кейбір тұрғындары үшін қайтыс болған адамның денесі бүлінбес үшін дәстүрлі түрде жерлену маңызды. Сол себепті кейбір тұрғындар «мәйітті айырбастау» қызметіне жүгінеді, яғни бас адамның мәйітін өртеп, сертификат алып, өз туысының мәйітін дәстүр бойынша жерлейді.

Сәуір айында Шандунь провинциясындағы Хэцзэ қалалық округінің Цзюйе уезінде бес ер адам мәйітті ұрлап, кремация жасауға сатқаны үшін сотталды.

Шаньдун провинциясындағы крематорилердің біріндегі қызметкер бұлай ету экологияға кері әсер етпеу үшін екенін көбі түсінетінін, тек аға буын ғана ата-ананың тілегін орындау мақсатында дәстүрлі түрде жерлеуді қалайтынын айтты.

Қытайда жерлеу рәсіміне қатысты тағы бір мәселе – жерлеу рәсімі кезінде стриптиз билеу. Қытайда жерлеу рәсіміне көп адам келуі жақсы ырымға баланады, сол себепті қайтыс болған адамның туыстары жерлеу рәсіміне неғұрлым көп адам жинау үшін неше түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Ауылдық округтегі тұрғындар опера әншілерін, әртістерді, бишілерді шақырады, тіпті 1990 жылдан бері стриптиз билейтін қыздарды шақыру әдетке айналған. Global Times мемлекеттік басылымы Қытай билігі бұл үрдіспен күресетіні туралы жазған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ