Қытайлық ару пластикалық отадан соң көзін аша алмай қалды

0
2

Қытайдың Тайюань қаласы Шаньси провинциясының тұрғыны сәтсіз жасалған пластикалық отадан соң көзін аша алмай қалды. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZхабарлайды.

Фото: Naviny.by

18 жастағы Сюабай көз қиығын өзгертетін пластикалық отадан кейін қиындыққа тап болды. Екі косметикалық процедурадан соң арудың көзі ісіп, ауыра бастаған. Дәрігерлер бұл қалыпты жағдай екенін айтып, екі-үш күнде ісіктің қайтатынын ескертіпті. Алайда арада бір жыл өтсе де бикештің көзінде өзгеріс болмаған.

«Сюобайдың көзінен жас тоқтамай ағады, тіпті, көзін ашып-жұмудың өзі қиындық тудырады. Ал кірпіктері мүлде керісінше өсіп жатыр, көзі де дұрыс көрмейді», -дейді әпкесі.

Өз кінәларын түсінген ақ халаттылар барлығын реттеу үшін Шанхайдан арнайы маман шақырыпты. Қыздың көзіне екі қосымша процедура өткізіледі деп жоспарлануда.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ