Қыз-келіншектерге қатысты ырым-тыйымдар

0
1

Қазір бұрынғыдай ырым-тыйымдарды қатаң сақтай бермейді. Десе де оның бәле-жаладан сақтайтын құдіреті барын ескере жүрсеңіз, ешкім ескертпей-ақ сақтайтыныңызға сенеміз. Ендеше, төмендегі ақпаратқа назар салыңыз.

Фото: vk.com

— Қыз өкпелегіш болса – ырысы кем болады.

— Жеңілтек болады деп қыз баланы қырқынан ерте шығармайды.

— Қыз баланың бір тал түскен шашын кез келген жерге тастамайды, құс іліп кетсе, бас ауруына шалдығады.

— Қалы үлкейіп кетпесін деп, қалымен туған балаға «Қалдыгүл, Қалдыбай» деп ат қояды.

— Әйел итке тас лақтырса – үйдің ырысы кетеді, әйелдің бағы қайтады.

— Қазақ баланы санамайды және санын айтпайды.

— Келін бала көтермесе, нағашы жұртының бір баласын қойнына алып жатады.

— Жүкті әйел шашын кессе — іштегі бала кемтар болып туады, бақыты кесіледі.

— Ана баланы дәретсіз емізбейді.

— Қыз балаға шашы өссін деп желке жегізеді.

— Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса – нәрестесі кем туады немесе түсік тастайды.

— Әйел босанар кезде үйдегі сандықты босатып қояды, сонда әйел тез босанады.

— Адамның келіншек отырған жақтағы аяғы ұйып қалса, ол екіқабат екен деп ырымдайды.

— Түсік тастамасын деп, жас әйелдің көйлегінің етегін бүріп қояды.

— Екіқабат әйелдің күні жақындаған кезде «Жер-Ана, күш-қуат бере гөр» деп жалаң аяқ жүргізеді.

— Жас босанған немесе аяғы ауыр әйел түнде суға бармайды.

— Екіқабат әйелге пышақ, ара, қайшы ұстатпайды. Ұстаса – мерзімінен бұрын босанады.

— Бала кіндігіне оралып қалады деп, екіқабат әйелге ине-жіп ұстатпайды.

— Бала ортан жіліктің майын жесе – ата-анаға мейірімсіз болады.

— Екіқабат әйел қоян етін жесе немесе қоян етіне жерік болса – баласы қоянжырық болады.

— Екіқабат әйел ұл туғысы келсе – еркектің қару-жарағын, қыз туғысы келсе – жүзік, сырға, моншақ, қызыл түсті мата жастанып жатады.

— Толғағы қатты болады деп екіқабат келіншекке толарсақ жегізбейді.

— Қонақ қызды үй иесі төрге шығарса, сол үйге құт келеді деп ырымдаған.

— Қыз бала дауысын қатты шығарып күлмейді.

— Қыз бала түнде шашын жаймайды.

— Баланың аңшылықтағы алғашқы олжасын несібесі кетеді, аңшылықта жолы болмайды деп ешкімге байлатпайды.

— Егер әйел қыз туа берсе, баланың жолдасын босанған әйелдің басынан үш рет айналдырса ұл туады деп ырымдайды.

— Жас келіншек аяғы ауыр кезінде түйе етін жемейді. Себебі, баласын түйе сияқты көп уақыт көтеріп, мезгілінде тумайды деген ырым бар.

— Әйел екіқабат кезінде жерігі қанбаса, одан туған баланың аузынан су ағып жүреді.

— Әйел босанып жатқанда жеңіл болсын деп, қыздың көйлегінің шетін жыртып «жол ашу» ырымын жасайды, немесе ұлдың шалбарының балағын тіліп қояды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ