Үмбетов Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен келді

0
4
Сурет Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook желісінен алынды

Күні кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов Жамбыл ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында мәжіліс депутаты Жамбыл ауданындағы бірнеше әлеуметтік нысандарды аралады, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Ең алдымен Серік Әбікенұлы Қасымбек ауылында орналасқан «Гейдар» ШҚ-нан бастады. 100-ге жуық ірі қара малы бар бұл нысанда 6 жұмысшылар жұмыс істейді. Сүт өндіретін бұл зауыттың жалпы жер көлемі 25 га жерді құрайды.

Сурет Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook желісінен алынды

Содан кейін Серік Әбікенұлы Мыңбаев ауылындағы Мәдениет үйі, «Жақсылық» балабақшасы және де Әлем кубогының иегері Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың​ спорт кешеніне барып, болашақ ұрпақтарымыздың жеткен жетістіктерімен танысып, спорт кешенінің жаттығу залдары мен бөлімшелерін аралады.

Кездесу барысында ​ «Еліміздің болашағы осы жастар сендер» деп сенімін білдіріп, Елбасы тапсырған бірнеше мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға тоқталып, биылғы жылдың жастар үшін маңыздылығын ашып берді.

Сурет Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook желісінен алынды

Кездесуге қатысқан аудан әкімі Бағдат Әлиев өз кезегінде аудан жастарының жеткен жетістіктерін айта келе «Ауданымызда 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың жалпы саны 41 292 адамды құрайды. Бұл – үлкен күш, зор потенциал. Өткен жыл аудан жастары үшін жемісті жыл болды. Жастарымыз тек аудан көлемінде ғана емес, сонымен қатар облыстық деңгейде де белсенділік танытты.

Жамбыл ауданының жастары «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша​ «Жыл Серпіні» номинациясын жеңіп алды. Жамбыл ауданының жастар ресурстық орталығы жыл бойы 168 шара ұйымдастырып, бұл шаралармен барлық санаттағы 25 646​ жасты​ қамтыды. Және де бір қуанышты жаңалық — Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен осы жылы ауданымызда арнайы жастарға қызмет көрсету орталығы салынуы жоспарлануда», — деді өз сөзінде аудан басшысы.

Сурет Жамбыл ауданы әкімдігінің Facebook желісінен алынды

Кездесуді​ қорытындылаған​ мәжіліс депутаты жастарға қоғамның жан-жақты дамуына өзіндік үлестерін қосуға шақырып, белсенділік танытып, әр бастаған қадамдарына сәттілік тіледі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ