Үшаралдағы стадионға жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
12

Бүгінгі таңда Алакөл ауданында да жас жеткіншектердің спортпен айналысуына бірқатар ілкімді істер атқарылуда, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Аудан орталығы Үшарал қаласындағы «Сымбат» стадионына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Фото: Алакөл ауданының баспасөз қызметі

«Құрылыс жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуда. Бағдарламаның басты мақсаты – аудан тұрғындарын жұмыспен қамту болып табылады.Құрылыс жұмыстары қазан айында басталып, қарашаның соңында аяқтау жоспарланған. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 10 адам жұмысқа алынып, 4 техника жұмылдырылған», – деп хабарлады Алакөл ауданының баспасөз қызметі.

Айта кету керек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алакөл ауданында 57 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жергілікті 613 азамат жұмыспен қамтылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ