ҰБТ барысында менингиттен қорғану шаралары жасалады

0
1

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы Ұлттық бірыңғай тестілеу барысында менингиттен қорғану шараларын ескереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Caravan.kz — Караван

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Менингит бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз, екі-үш жиналыс болды. Өз өкілдерімізге  мүмкіндік болса терезелерді ашып, сыныпты желдетіп тұруды тапсырдық. Сондай-ақ, кей өңірлерде ауа райының салқындығына қарамай, терезені ашып, жағдайды қиындатпауды да ескерттік», — деп жауап берді Р. Әлімқұлов журналистер сауалына.

Айта кетейік, соңғы айда Қазақстандағы менингококк инфекциясын жұқтыру оқиғасы резонанс тудырды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде 2018 жылдың басынан бастап менингококк жұқпасына қатысты 62 оқиға тіркелді, оның ішінде стационарлық емдеуде 7 адам, 42 адам шығарылған және 13 жағдайда өліммен аяқталған. Алматы қаласында — 6 факті, Алматы облысында — 3, Оңтүстік Қазақстан облысында — 3 және Қызылорда облысында — 1 оқиға тіркелген.

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп бітіруші түлектің менингиттен қайтыс болғаны расталды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ