ҰБТ тапсырған телефон он телефонмен ұсталды

0
3

Бүгін елімізде оқушылардың он бір жылдық білімін тексеретін ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Астанада ҰБТ үш пункте өтіп жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Нұргүл Абай
Университет алды таңғы сегізден мектеп формасын киген ұл-қыздарға толы болды. Бәрінің көздерінде қорқыныш пен қуаныш, үміт пен үрей.

Бірі күн-түн демей дайындалған сынақтың бүгін бітетініне қуанса, енді бірі тестілеуден кейінгі өміріне алаңдайтындай.

Бұл жолы тексерушілер қыздар мен ұлдарды екі бөлек есіктен кіргізіп, тексерді. Түлектердің барлығы дерлік телефонды көрінбейтіндей, метал рамкадан өткенде «сигнал» шықпайтындай жасырып алған. Десе де металл рамканы «алдау» оңай емес. Ішке үмітпен кірген оқушылар қайта шығып, тыққан телефондарын ата-анасына, ұстаздарына тапсырып жатты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бір бала тіпті он ұялы телефонмен ұсталған.

«Ұялы телефон, шпаргалканың көптігінен түлектерді тексеріп, ішкі кіргізу ұзақ уақытты алды», — дейді олар.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ