Ұйқысыздық мазалап жүрсе…

0
0

Егер ұйықтар алдында көпке дейін көз іле алмай кереуетте жатсаңыз, сізге ең алдымен тамақтануды дұрыстау керек. Сондықтан бүгін біз сіздерге ұйқыны ретке келтіретін 8 тағамның тізімін ұсынғымыз келіп отыр, деп жазады Massaget.kz.

Фото: Good-Tips.PRO

1. Миндаль

Миндаль жаңғағының құрамында бұлшық еттеріңізді босаңсытатын магний бар. Бұл жаңғақтағы ақуыз қаныңыздағы қант мөлшерін қалыпқа келтіреді. Ұйықтардан 2 сағат бұрын 50 г миндаль жесеңіз, ұйқыңыз сәбидікіндей болады. 

2. Шөпті шай

Кешқұрым кофе немесе қара шайдан бас тартыңыз. Орнына түймедақ, жалбыз, жаужапырақ қосылған бір саптыаяқ шай ішіңіз. Бұл шөп ауыр жұмыс күнінен кейін жүйке жүйеңізді тыныштандырады. Сонымен қатар көк шай да ішуге болады. Өйткені оның құрамында түсіңізді ұзартатын теанин бар. 

3. Мисо-сорпа

Мисо сорпасында мелатонин гармонын көбейтіп, ұйқы шақыратын аминқышқылы бар. Сорпа, шай секілді жылы тағамдар мен сусындар салқын тию белгілерін жеңілдетіп, жақсы ұйықтауға көмектеседі.  4. Банан Банан – магний мен калийдің қайнар көзі. Бұл микроэлементтер бұлшық еттерге босаңсуға мүмкіндік береді. Оған қоса тез ұйықтап кетуге де көмектеседі. 

5. Сүт өнімдері

Йогурт, сүт және ірімшік секілді сүт өнімдері триптофан мен кальцийге бай. Олар нерв жасушаларын қалыпқа келтіреді. Сонымен қатар жатар алдында сізді мазасыз ойлардын арылтып, тәтті ұйқыға бөлейді. 

6. Сұлы

Сұлының құрамында кальций, магний, фосфор, кремний және калий көптеп кездеседі. Бұл элементтер қатты ұйқыны қамтамасыз етеді. Алайда сұлыға ешқашан қант қоспаңыз. 

7. Қатырып пісірілген жұмыртқа

Көмірсулары көп тағамдарды ақуызы көп өнімдерге ауыстырыңыз. Олар сізге тәтті ұйқы тарту етеді.

8. Шие

Шиенің құрамында ұйқысыздықпен ауыратын адамдарға көмектесетін мелатонин бар. Ұйықтар алдында бір стақан шие шырынын ішіп жатыңыз.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ