Ұлттық банк желіде тараған 10 мың теңгелік банкнота туралы пікір білдірді

0
6

ҚР Ұлттық банкі 10 мың теңгелік жаңа банкнотаны шығарған жоқ. Бұл туралы қаржы нарығын реттеуші мекеменің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ҚазАқпарат

«WhatsАрp пен в Facebook мессенджерлерінде тарап жатқан жаңа 10 мың теңгелік банкноттың шыққаны туралы ақпарат жалған», — делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде күлгін түсті 10 мың  теңгелік ақшаның суреті таралып жатыр.

Оның бір жағында бүркіт, екінші жағында Астанадағы «Нұр Әлем» сферасы бейнеленген. Купюрадағы жазулар латын қарпінде басылған.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ