Ұзақ ұйықтаудың адам өміріне қауіп төндіретіні анықталды

0
0

Мамандар ғалымдардың 3 миллионнан астам адам қатысқан 74 зерттеу жұмысын сараптады. Көп ұйықтау жүрек ауруларына, уақытынан бұрын көз жұмуға себепші болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Science Alert сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: Teleprogramma.pro

Ұлыбританиядағы Килск университетінің Чунь Шинг Квон басқарған мамандар тобы осындай қорытындыға келді.

Мамандар 3 миллиардтан адам қатысқан 47 зерттеу жұмысын сарапқа салды. Тәулігіне он сағатан астам уақыт ұйықтау уақытынан бұрын өлуге себеп болатыны анықталған. Тәулігіне он сағаттан астам уақыт ұйықтайтын адамның инсульт алу қаупі 55 пайызға артса, жүрек-қантамырларымен байланысты аурулардың пайда болуы 49 пайызға артады.

Сондай-ақ, ұзақ уақыт ұйықтауды әдетке айналдыру уақытынан бұрын ажал құшуға себеп болуы мүмкін. Қауіпті аурулардың алдын алу үшін мамандар тәулігіне 7-8 сағаттан астам уақыт ұйықтамауға кеңес береді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ