Ұзынағашта мемлекеттік қызметтің 20 жылдығына орай велошеру өткізілді

0
10

Еліміздегі мемлекеттік қызметтің 20 жылдығына орай ауданымызда велошеру  өткізілді. Бұл туралы UZYN.KZ порталы Жамбыл ауданының әкімдігінің Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: instagram.com/zhambul_audanynyn_akimdig

Аудандық мекемелерден 50 мемлекеттік қызметшілер қатысып, белсенділік танытқан спорттық шара Ұзынағаш ауылында 6 шақырым арақашықтықты қамтитын аралықта өтті.

Велошеруге «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс — қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің» мамандары Асхат Қасымберкебаев пен Қанат Тышқанбаев қатысты.

Эстафеталық форматта өткен велошеру аудан әкімі аппаратының басшысы Абзал Нұрпейісовтың басшылығымен Іле ауданынан қабылданып, Қарасай ауданына тапсырылды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ