Ұзынағаштың бірнеше көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек (фото)

0
6

Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылының бірнеше көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек деп хабарлайды аудан әкімдігінің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған UZYN.KZ.

Фото: Facebook/Аудан әкімдігінің ресми парақшасы

Елбасының жолдаулары мен салиқалы саясатын жүзеге асыру, аудан халқының жағдайын жақсарту мақсатында бүгінгі күнге дейін біршама жұмыстар атқарылды. Дегенмен, әлі атқарылуға тиісті жұмыстар баршылық.

Фото: Facebook/Аудан әкімдігінің ресми парақшасы

Қай сала болмасын заманның ағымымен дамып, өзгеріп сала береді.

Фото: Facebook/Аудан әкімдігінің ресми парақшасы

Міне, бірнеше күннен бері аудан орталығы Ұзынағаш ауылының бірнеше көшелерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, аудан әкімі Бағдат Әлиев бүгін ауылдағы барлық күрделі жөндеуден өтіп жатқан көшелердің жұмыс барысымен танысып қайтты.

Басқа да құрылыс нысандары мен көшелердің ахуалы бойынша тиісті мекемелердің басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ