ӘЧ-2018: Англия мен Колумбияның тағдырын пенальти шешті

0
3

Ресей жасыл алаңында өтіп жатқан 2018 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалдағы соңғы ойында Колумбия мен Англия құрамалары кездесіп, есеп ағылшындардың пайдасына шешілді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ua-football.com

Қос команда арасындағы есеп бірінші таймда ашылмады.

Екінші таймда колумбиялықтар жиі тәртіп бұзуға мәжбүр болған. Ақыры 54-минутта бұрыштамадан доп берілген кезде колумбиялық қорғаушы Карлос Санчес Англия құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Харри Кейнді қолымен ұстап, тәртіп бұзды.

Осыдан кейін төрші 11 метрден айып добын белгілеп, есеп 57-минутта ашылды.

Дегенмен ойынның қосымша минуттарында колумбиялық Ерри Мина гол соғып, есепті теңестіріп үлгерді.

Осылайша Колумбия мен Англия құрамалары негізгі уақыт пен экстратайм да 1:1 есебімен тең ойнап, құрамалардың тағдыры тек пенальтиде шешілді.

Пенальтилер бойынша есеп 4:3 болып, британдықтар ширек финалға өтті. Енді олар келесі кезеңде Швейцарияны жеңген Швециямен кездеседі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ