ӘЧ-2018: Бразилия Коста-Рика құрамасын ұтты

0
0

Ресейде өтіп жатқан әлем біріншілігінің Е тобындағы екінші тур матчтары басталды деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Фото: RT

Топтан бірінші болып алаңға Бразилия мен Коста-Рика құрамалары шықты.  90 минут бойы 0:0 есебін сақтап тұрған коста-рикалықтар тең есепті сақтап қала алмады.

Кейлор Навас бірнеше рет дәл соққыларды қайтарғанмен, соңғы минутта бразилиялықтардың басымдығы артып кетті.

Алдымен Филиппе Коутиньо, кейіннен Неймар гол соғып, ойын 2-0 есебімен Бразилияның пайдасына шешілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ