ӘЧ-2018: Плей-офф кезеңінің барлық қатысушылары анықталды

0
1

2018 жылы Ресейде өтіп жатқан Әлем чемпионаты 1/8 финалының барлық жұптары анықталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Фото: Спорт-Экспресс
Топтық кезеңде трофей үшін 16 команда таласатын болады. 1/8 финалының матчтары 30 маусым мен 3 шілде аралығында өтеді. Барлық ойын бір уақытта Qazaqstan және QazSport телеарналарынан көрсетіледі.

2018 жылғы Әлем чемпионатының 1/8 финалының кестесі:

Франция – Аргентина, 30 маусым күні, Астана уақыты бойынша сағат 20.00;
Уругвай – Португалия, 1 шілде, 00.00;
Испания – Ресей, 1 шілде, 20.00;
Хорватия – Дания, 2 шілде, 00.00;
Бразилия – Мексика, 2 шілде, 20.00;
Бельгия – Жапония, 3 шілде, 20.00;
Швеция – Швейцария, 3 шілде, 20.00;
Колумбия – Англия, 4 шілде, 00.00.

Естеріңізге сала кетсек, Германия топтық іріктеу кезеңінен өте алмады. Бұл турнирде жаңа жеңімпаз болатынын білдіреді.

2018 жылғы Әлем чемпионатының ¼ финалы 6 және 7 шілде күндері, жартылай финал 10 және 11 шілде, үшінші орын үшін матч 14 шілде және финал 15 шілде күні өтеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ