Әкімдіктерге салынған үйлерді сатып алу құқығы беріледі

0
0

«Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасы Айдар Арифханов «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және өзектендіру мақсатында холдингтің атқарып отырған жұмыстары туралы есеп берді, деп хабарлайды Baq.kz.

Айдар Арифханов. Фото ашық дереккөздерден алынды
«Барлық қаражат, сондай-ақ жобаларды іріктеу, құрылыс салушыларды анықтау, тұрғын үй кұрылысын игеру және мониторинг жасау әкімдіктерге берілді. Ағымдағы жылдың бес айы ішінде 34,5 млрд теңгеге әкімдіктердің облигациясы сатып алынды. Жыл соңына дейін 66,4 млрд теңгеге әкімдіктердің бағалы қағаздары сатып алынады.
Сонымен қатар Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің 2017 жылғы 7 тамыздағы хаттамасына сәйкес әкімдіктердің уақытылы сатып алу және салынған тұрғын үйді сату үшін «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры 2018 жылы Бәйтерек холдингіне 79,9 млрд теңге, оның ішінде 11 млрд теңге 11 маусымға дейін, 15 млрд теңге 10 қыркүйекке дейін, 50 млрд теңге 10 қарашаға дейін қайта бөлуді қамтамасыз ету қажет», — деді Арифханов.

Холдинг төрағасының айтуынша, бұрын сатылған тұрғын үй есебінен 2016 жылы шығарылған облигацияларды әкімдіктер мерзімінен бұрын өтеуі тиіс.

«Қазіргі уақытта 9 облыс әкімдіктері 19 млрд теңге сомасындағы облигацияларын мерзімінен бұрын өтеді, қалған 7 әкімдік осы айдың соңына дейін 11,3 млрд теңгені мерзімінен бұрын өтеуді қамтамасыз етуі қажет.

Жергілікті атқарушы органдар өздерінің облигацияларын мерзімінен бұрын өтеп «Бәйтерек» development-тен жаңа облигациялық қарыздар алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл шаралар өңірлерге қаржы ресурстарын уақытылы жеткізуге мүмкіндік береді және осы жылы жоспарланған құрылыс көлемін толық атқаруды қамтамасыз етеді», — деді ол.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ