Әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклі қазақ тілінде қойылады

0
0

 Әлемге әйгілі француздық-канадалық «Notre Dame de Paris» мюзиклі қазақ тілінде қойылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фото: Afisher.info
Мюзиклдің қойылымын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Qazaqconcert» мемлекеттік концерттік ұйымы ұсынады, деп хабарлады «Qazaqconcert» мемлекеттік концерт ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.
Алғаш рет Париж қаласында 20 жыл бұрын қойылған мюзикл әлемнің 9 тіліне аударылған. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің үлкен еңбегі арқасында Қазақстан атақты мюзиклді өзінің мемлекеттік тілдеріне аударған оныншы ел болып отыр. Әлемге әйгілі қойылым отандық театр өнері үшін жаңа белес болмақ. Бұл Мәдениет және спорт министрлігінің тиісті жұмыс стандарты көтерілген ҚР Президентінің жолдауына толығымен сәйкес келеді.

«Notre Dame de Paris мюзиклінің қойылымы үшін еліміздің барлық аймағынан жиналған талантты вокалистер, акробаттар мен бишілер арасында кастинг өткізілді. Кастингке мюзикл авторлары Риккардо Коччанте, қоюшы режиссер Роберт Мариен, Франция мен Қазақстанның продюссерлері мен хореографтары жетекшілік етті», — делінген хабарламада.

«Notre dame de Paris» мюзиклінің қойылымы заманауи Қазақстанның тарихындағы айтулы оқиға болары анық. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен «Qazaqconcert» мемлекеттік концерттік ұйымының бірлескен жұмысының нәтижесінде қазақ тілінде сахналанатын «Notre Dame de Paris» мюзиклі елімізде қойылған мюзиклдердің ішінде ерекше орын алатыны сөзсіз.

 


 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ