Әнуар Жайнақов басқа жұмысқа тағайындалды

0
3

Әнуар Жайнақов жаңа жұмысқа тағайындалды. Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы ауысты, деп хабарлайды Вaq.kz.

Фото: Желідегі ашық дереккөздерден

СІМ баспасөз қызметінің бұрынғы басшысы Әнуар Жайнақов Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің кеңесшісі болып тағайындалды және енді АҚШ-та жұмыс істейді. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов баспасөз қызметінің жаңа басшысы Айбек Смадияровты журналистермен кездесу барысында таныстырды.

«Сыртқы саясат ведомствосы бұқаралық ақпарат құралдары және жалпы көпшілік үшін әрдайым «ашық». СІМ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясатын сүйемелдеу және түсіндіру, халықаралық аренада мемлекет пен Қазақстан азаматтарының мүддесін қорғау жұмыстарын жалғастырады», — деді Әбдірахманов.

35 жастағы Смадияров кадрлық домламат екені хабарланды. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін үздік бітірген. Бұған дейін СІМ орталық аппаратында, Қазақстанның Мажарстандағы елшілігінде және Президент баспасөз қызметінде түрлі қызмет атқарды. Соңғы жылдары Вьетнамдағы Қазақстан елшілігінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ