Әріптесінің басынан балғамен ұрып жіберген екібастұздық сотталды

0
0

Екібастұз соты әріптесінің басынан балғамен ұрып жіберген ер адамды үш жыл алты айға бас бостандығынан шектеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрнекі сурет

Іс материалдарына сәйкес, азамат Р. жұмыс орнында, яғни ЖШС аумағында әріптесі М.-ге технолог-маман ретінде жұмысындағы ақауды қайта түзеуді сұраған. М. оның өтінішін орындаудан бас тартып, араларында жанжал туындаған. Төбелес барысында Р. балғамен М.-нің самайына соққы жасаған.

«Ауыр жарақат алған М. Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілген», — деп мәлімдеді Павлодар облыстық соты Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екібастұз қалалық соты қылмыстық істі ҚР ҚК-нің 106-бабының («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») 1-бөлігіне сәйкес қарады. Басты сот талқылауында айыпталушы кінәсын мойындаған.

Сот оны айыпты деп танып, үш жыл алты ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Пробациялық бақылау белгіленді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ