Өскемен әкімі қоластындағы шенеуніктің қылмысы үшін өз еркімен қызметінен кетті

0
10

Қоғам арасында резоннанс тудырған Риддердегі жол-көлік оқиғасына қатысты Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев мәлімдеме жасады. Онда шенеуніктер 18 жастағы Евгений Смольниковты қағып өлтірген болатын деп жазады NUR.KZ.

Фото: ALTAYNEWS

«Мен осы қайғылы жағдайдың куәсі болдым. Марқұмның отбасына, жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Тергеу әділ түрде жүріп жатыр. Мен о бастан-ақ құқық қорғау органдарына жол апатының қалай болғанын барынша ашып түсіндіруге тырыстым. Бар шындықтың белгілі болғанын қалаймын. Бірақ қазір тергеу барысы туралы ешбір мәлімет таратпау туралы келісімге қол қойдым», — дейді Тұмабаев.

Қала әкімінің сөзіне сүйенсек, ол сот отырысынан кейін барлық сұрақтарға жауап беруге дайын екен.

«Мен мемлекеттік қызметкер әрі облыс орталығының басшысы бола тұрып, қоғамның сенімін ақтайтындай әрекет етуім керек.

Сот отырысына дейін қоғам тарапынан айтылып жатқан сын пікірлерге себеп бергім келмейді. Әсіресе сот отырысында өзім куәгер ретінде қатысатындықтан. Сондықтан сот болғанша мен еңбекақыны сақтамайтын демалыс алайын деп шештім», — дейді ол.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ