Өскеменде 5 адамды жылан шағып алды

0
1

Жалпы облыс көлемінде жапа шегушілердің саны әлдеқайда көп, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: Baq.kz

«Жыл басынан бері ШҚО бойынша 19 адамды жылан шаққан болса, оның бесеуі Өскеменнің тұрғыны», – дейді ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Мұхамеджанов.

Бұл оқиғалардың қай жерде және қандай жағдайда болғанын аталмыш басқармадағылар анықтап айта алмады. Біздің білуімізше, жыландар негізінен Өскеменнің ЖМК, Аблакетка аудандарында көптеп кездеседі.

Жергілікті тұрғындардың назарына айтамыз, улы жылан шағып алған жағдайда №1 қалалық ауруханадағы травматологиялық орталықтың көмегіне жүгіне аласыздар. Балалар жарақат алған жағдайда Ана мен бала орталығындағы (ЖМК, Өтепова к., 37) травматологиялық бөлім жәрдемдеседі.

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ