Өзбекстаннан тойдан келген Алматы облысының тұрғынынан коронавирус анықталды

0
15

Алматы облысынығ аумағында коронавирус індеті диагнозымен тағы 2 адам тіркелді. Олар Қарасай және Еңбекшіқазақ ауданының тұрғындары, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: ria.ru

Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бірінші жағдайда инфекция Қарасай ауданы Кемертоған ауылында тұратын 41 жастағы әйелден анықталды. Ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Онымен қарым-қатынаста болған 6 адам, соның ішінде өзінің күйеуі мен 2020 жылы туған сәбиі карантинге алынды.

Екінші жағдайда ағайын-туыстар Өзбекстанға үйлену тойына өз шағын автобустарымен барған. 14 адамның Өзбекстаннан келгені туралы мәліметтерді Түркістан облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық мамандар хабарлап, облысқа келген бетте олар провизорлық стационарға жатқызылған.

Соның ішінде 60 жастағы әйелден вирус анықталды. Қазір ол Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылды, ал қарым-қатынаста болған өзгелері карантинде.

Жалпы, 29 наурыздағы жағдай бойынша Алматы облысында індетке шалдыққандар саны – 6.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ