Өзбекстанның премьер-министрі жол апатына түсіп қалды 

0
3

Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Әріповтың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі «Газета.uz» порталына сілтеме жасап.

Көрнекі фото

Оқыс оқиға 20 тамыз күні таңертең премьер-министрдің қызметтік автокөлігі Бекабадтан Ташкентке қарай бет алып бара жатқанда болған.

Құқық қорғау органдарында мәлімдегендей, Damas автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың қарсы бағытына шығып кетуі салдарынан Өзбекстанның үкімет басшысының қызметтік автокөлігімен соқтығысқан.

Соқтығысу салдарынан Абдулла Әріпов жеңіл дене жарақаттарын алған. Қазір ол ауруханада жатыр, алайда, оның денсаулығына еш қауіп тұрған жоқ.

Премьермен бірге бір көлікте болған екінші адам бұл жол-көлік оқиғасынан айтарлықтай зардап шекті. Сондай-ақ, екінші көліктің жүргізушісі де дене жарақаттарын алған.

Полицияда атап өткендей, барлық тергеу амалдары заң талаптарын сақтаумен жүргізілетін болады.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ