1 қаңтардан бастап Алматы облысында коммуналдық тарифтер төмендейді

0
3

2019 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы облысында бірқатар коммуналдық қызметтердің бағасы төмендейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде табиғи монополияларды реттеу департаменті мен облыстық тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы басқармасының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: scan-print.com.ua

Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларды орындау мақсатында Алматы облысында кейбір коммуналдық қызмет тарифтері төмендейді деп күтілуде. Мәселен, жергілікті атқарушы органдар жан басына шаққандағы қоқыс шығаруды 154 теңгеден 135 теңгеге арзандатпақ.

Сонымен қатар, пәтер иелері кооперативтерінің басшыларымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ПИК қызметінің құнын  23,5 теңгеден 20 теңге 90 тиынға түсіру жоспарланған. Ал лифтілерге қызмет көрсету құны 15,3 теңгеден 13,5 теңгеге төмендемек.

Алматы облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы тарапынан табиғи газды үйге кіргізу қызметінің құнын арзандату жұмыстары қолға алынды. Газ тарататын кәсіпорындармен 8 меморандумға қол қойылды.

Бұдан бөлек, Қаражыра және Шұбаркөл көмір кендерінде қатты отын бағасы төмендеді. Мәселен, Қаражыра кенішінде көмір бағасы 13500 теңгеден 12700 теңгеге арзандаса, Шұбаркөлдің көмірі 13400 теңгеден 11700 теңгеге төмендеді.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ