1 қыркүйектен бастап жеңіл көліктер үшін баж салығының жарнасы төмендейді

0
6

1 қыркүйектен бастап Кеден одағының нарығына сырттан әкелінетін автокөліктер үшін баж салығының жарнасы төмендейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еуразия экономикалық комиссиясының сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: TUT.by

1 қыркүйектен бастап жаңа көлікті әкелу үшін оның кедендік құнынан 17% жарна төлеу міндеттеледі.

Осыдан бірнеше жыл бұрын ұқсас баж салығы 23% құраған еді. 5-7 жылдан астам қолданыста болған көліктерді әкелу үшін баж салығының құны 22% болады. Келесі жылы көліктерді сырттан әкелуге салынатын баж салығының жарнасы  15% дейін төмендеуі мүмкін.

Салықтың жаңа жарналары ЕАЭО аумағына түгел тарайды. ЕАЭО Кеңесінің шешіміне сәйкес, көлік бажынан басқа өзге де тауарлардың 95-тен астам түріне салынатын тарифтердің құны төмендейтін болады.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ