1 шілде: Қазақстан жұрты Ұлттық домбыра күнін атап өтті

0
6

Биылғы жылдан бастап Қазақстанда жаңа мейрам пайда болды. Шіліңгір шілденің алғашқы жексенбісінде еліміз Ұлттық домбыра күнін тойлайтын болды. 2018 жылы бұл күн 1 шілдемен тұспа-тұс келіп отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Домбыра. Көрнекі фото

2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлттық домбыра күнін бекіту туралы Жарлығына қол қойылды.

Осы орайда, Ақорданың Instagram желісіндегі парақшасында мемлекет басшысынығ киелі домбыраның үні туралы айтып отырған видеосы жарияланды.

«Домбыра — қазақтың жаны. Күйлер мен әуезді әнді, домбыра үнін тек дархан далада өсіп-өнген нағыз қазақ қана түсінеді. Өйткені, бұл ерекше дыбыс.

Ол адамның ішкі жан дүниесінің жағдайын көрсете біледі: қайғы ма, қуаныш па немесе философияны.

Маған домбырада өте жақсы ойнай алатын адамдар ұнайды. Біздің қазақтың ұлттық әндері әсерлі және мағынасы бар», — дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ