1 шілдеден бастап Қазақстанда темекі қымбаттайды

0
3

Қазақстанда үкіметтің 2007 жылғы 4 сәуірдегі «Сүзгілі, сүзгісіз темекілер мен папиростардың бөлшек саудадағы ең төменгі құнын белгілеу туралы» қаулысына түзетулер енгізуге сәйкес, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап темекі бағасы 20 теңгеге қымбаттап, 360 теңгені құрайды, деп хабарлайды Baq.kz.

Фото: Көрнекі сурет

Құжатта көрсетілгендей, сүзгілі 20 шылым түріне, сүзгісіз және папиростарға бөлшек саудадағы ең төменгі баға 360 теңге болып бекітілді — 2018 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанға дейін, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 380 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 1 қаңтарында темекінің ең төменгі құны 340 теңгені құраған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ