10 қаңтар күніне арналған ауа райы болжамы

0
3

Синоптиктер 10 қаңтар күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: sputniknews.kz


Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-батысында кей жерлерде жауын-шашын жауады, ал қалған аймақтарда қар жауады. Кей жерлерде тұман болады, оңтүстік пен батыста — көктайғақ.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түседі, күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Манғыстау облысының кей жерлеріне тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады.

Атырау облысында да солай — тұман мен көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.



ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ