11 сәуірге арналған ауа райы болжамы

0
3

«Қазгидромет» РМК 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды UZYN.KZ.

Фото: novostipmr.com

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты оңтүстік және шығыстың кей жерлерінде жаңбыр жауады. Қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерінде тұман, жел күшейеді, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде  тұман күтіледі.




ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ