11 жыл түрмеде отырған Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты

0
1

19 наурызда таңертең Семей қаласындағы ОВ-156/144 қатаң режимдегі колониядан «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев босап шықты деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Оны түрме алдынан ондаған белсенді қарсы алды. Таңертеңгі сағат 10:30 шамасында түзеу мекемесінен көлікпен шыққан Жәкішев көліктен түсіп, бәріне қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Оның жанында әйелі Жәмила Жәкішева да болды.

3 наурызда Семей қалалық соты Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен ерте босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырған. Сот шешіміне сәйкес, дегенмен Мұхтар Жәкішев «пробациялық бақылауға алынып, жаза мерзімі толық аяқталмайынша Қазақстан аумағынан шығарылмайды».

Мұхтар Жәкішевті саясаттанушылар «білікті менеджер» деп  санайды.

 Ол 2009 жылы мамырдың 21-іне «Қазатомөнеркәсібі» компаниясының басшысы қызметінен алынып, мамырдың 24-іне тұтқындалған. «Венада (Австрия) «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының заңсыз өкілдігін ашу арқылы пайда тапты, астыртын касса ұстады, күзетшісіне қосымша еңбекақы төлеп келген» деген айыппен 14 жылға сотталған.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ