13 мамыр күніне ауа райы болжамы

0
3

Бүгін Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты  республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктер өтеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Фото: rg.ru

Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, шығыста дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батысында — тұман.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Күндіз найзағай ойнап, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 20-25 м/с-ға дейін күшейеді.

Павлодар, Түркістан, Атырау, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетіп, шаңды дауыл болады.

Маңғыстау, түнде Ақмола, күндіз Жамбыл, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.  




ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ