17 сәуірде еліміздің басым аумағында жел күшейіп, жаңбыр жауады

0
1

17 сәуірде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек солтүстік батыста күн ашық. Кей жерлерде тұман, найзағай, бұршақ, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте дауыл күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Фото: Объектив

Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз  желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз — найзағай, дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қарағанды обласының кей жерлерінде тұман түседі желдің жыдамдығы 15-20 м/с жетіп, күндіз  көктайғақ болады. Атырау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 18-23 м/с күшейеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал.

Түркістан облысында кей жерлерде найзағай ойнап, күн күркірейді. Батыс Қазақстан ​​облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.




ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ