190 жолаушысы бар ұшақ Атырау әуежайына қонуға мәжбүр болды

0
2

Pegasus әуекомпаниясының ұшағы қозғалтқыштың істен шығуына байланысты Атырау әуежайына қонуға мәжбүр болды. Әуе кемесінің бортында 190 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Boyko.ru

Бұл туралы азаматтық авиация өкілдері өздерінің Facebook-тегі ресми парақшасы арқылы мәлімдеген. Олар Новосібір-Анталия рейсін орындайтын ұшақ қозғалтқышының істен шыққаны жөніндегі ақпаратты 10:03-те алғанын айтты.

Анықталғандай ұшақ бортындағы адамдардың барлығы дін-аман, зардап шеккендер жоқ. Әуе кемесін әуежайға қондыруға 17 минут уақыт кеткен.

Мамандар қозғалтқыштың не себепті істен шыққанын анықтап жатыр.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ